MVA MVA
MVA MVA
MVA MVA

Компания туралы

About

ЖШС «MVA Security» (Мемлекеттік лицензия ГС № 007794 от 12.09.2000 года), 2021 жылғы 17 қыркүйегіндегі № 21026577 бірінші санаттағы Лицензиясына қосымша - терроризмге осал объектілерді қорғау үшін.


Қазақстан Республикасы күзет ұйымдары Ассоциациясының мүшесі, 24 жыл бойы күзет қызметі компаниялары арасындағы көшбасшы.

  • Компанияда 300 астам қызметкерлер жұмыс жасайды
  • Компанияның, объектілерде қаруланған күзет жүргізу үшін, қызметтік тегіс ұңғылы және жарақаттау қаруын сақтауға және қолдануға рұқсаты бар.
  • Қызметтік шұғыл машиналарының жеке автопаркі кенеттен туындаған жағдайларда кідірусіз әрекет етуге мүмкіндік береді.

«MVA Security» беделі - уақытпен дәлелденген, біздің клиенттермен және серіктестермен танылған абыройы. Клиенттеріміз бен серіктестеріміз:



«MVA Security» мамандары, әрбір клиенттің қалауы мен сұранысын есепке алып, оның қажеттіліктерін жеке қарастыруға дайын.

Мұнай-газ секторы

«MVA Security» компаниясы, Атырау облысындағы мұнай-газ секторына күзет қызметін көрсетуге кірісуде.

Басшылық

Адырбеков Дулат Темиргалиевич

Компания директоры — Адырбеков Дулат Темиргалиевич. Генерал-майор (запастағы). Соңғы қызмет орны - Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері Әскери институтының бастығы. ІІ дәрежелі Айбын орденімен, мерейтойлық және қызмет өтілі төсбелгілерімен марапатталған.

Көрсетілетін қызметтер

Service

Тапсырыс берушінің өмірі мен денсаулығын қорғау (жеке күзет және алып жүру)

  • жеке күзет қызметін ұсыну;
  • Тапсырыс беруші көрсеткен уақыт аралығында жеке тұлғаларға және делегацияларға жеке күзет және алып жүру қызметін ұсыну;
  • Тапсырыс берушінің, күзетілетін объектідегі персоналдың және келушілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Тапсырыс берушінің объектілері мен мүлігін күзету

  • күзетілетін объектіге рұқсатсыз кірудің алдын алу мақсатында бақылап-өткізу тәртібін қамтамасыз ету;
  • Тапсырыс берушінің тауарлық-материалдық құндылықтарын алып кіру мен алып шығудың (кіргізу мен шығарудың) белгіленген тәртібінің сақталуын қадағалау;
  • күзетілетін объект аумағында персонал мен келушілердің орын ауысуын қадағалау;
  • күзетілетін объект аумағында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
  • лаңкестік шабуылдар қауіптерінің алдын-алу бойынша шараларын уақтылы қабылдау;
  • объектіден дабыл түскенде қаруланған шұғыл әрекет ету тобының кідірусіз келуі;
  • күзетілетін объектіде төтенше жағдайдың алдын-алу және салдарын жоюдың толыққанды шараларын қолдану.

Бейнебақылау

Компания күзетілетін объектілерде орнатылған бейне бақылау жүйелері арқылы, алып жүретін бейнежетондарын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және дрондарды қолдану арқылы бейнебақылау қызметін ұсынады.

Біздің артықшылықтар

Жоғары деңгейдегі құзыретті қызметшілер

Қызметкерлердің басым бөлігі – бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер.


Қызметкерлердің жоғары деңгейдегі құзыреттілігі және өте жақсы біліктілігі жыл сайын арнайы оқу орталықтарында жетілдіріледі.

Күзетілетін объекттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жеке қарастырылады

Әрбір күзетілетін объектке «Кіргізіп-шығару тәртібі туралы» нұсқаулығы, төтенше жағдай орын алу кезіндегі іс-әрекет жоспары және басқа да қызметтік құжаттар бөлек жасалады.

Кезекші бөлім

Компанияның кезекші бөлімшесінде күзетілетін объектілерді алыстан бейне бақылауын жүргізетін ағымдағы жағдайды қадағалау орталығы бар.

Кез келген жағдайға жедел әрекет ету

Шұғыл кезекші қызметтің, күзетілетін объектілерде орын алатын кез келген жағдайға шұғыл әрекет ету және туындаған сұрақтарды жылдам шешу.

Бейне бақылауды жазудың техникалық құралдарын қолдану

Алып жүретін бейне бақылауды жазу құрылғыларын қолдану, күзетілетін объектіде орын алған келеңсіз жағдайды ағымдағы уақытта бейне жазуына мүмкіндік береді, және де келешекте болған жағдайды егжей-тегжейлі қарастыру мен қажетті қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады.

Күзет қызметтерінің толыққанды ауқымы

Компанияның көрсететін толыққанды күзет қызметтері Клиенттердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырып, ұзақ мерзімді өзара тиімді әрекеттесуін жоспарлы түрде жалғастыруға мүмкіндік береді.

Күзетшілердің адал еңбегі Клиенттеріміздің көптеген алғыс хаттарымен белгіленген.

Компания, Келісім-шарт талаптарына сәйкес, күзет қызметін сапалы қамтамасыз етуіне кепілдік береді және Тапсырыс берушінің күзетке тапсырылған мүліктің сақталуына толық материалдық жауапкершілігін алады.

Персонал

Біздің персонал - сенімді қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын жоғары кәсіби мамандар командасы. Біз клиенттерімізге күзет саласындағы ең тиімді шешімдерді ұсынамыз, және оларды ұдайы жетілдіруге ұмтыламыз. Біздің мақтанышымыз - кез келген сындарға төтеп беруге, клиенттерге қорғаудың максималды деңгейін қамтамасыз етуге дайын қалыптасқан ұжым.

Бағамдар

Күзет қызметінің бағасы күзетілетін объектінің мінездемесіне, тәуекел дәрежесіне, объектінің қашықтығы мен техникалық күшейтілуіне, қолданылатын техникалық құралдарына мен қару-жараққа, қатыстырылған қызметкерлер санына және көрсетілетін күзет қызметтерінен құралады.

Қызмет көрсету бағасын шығару үшін, компанияның маманы объектіні қарап шығуға баруы қажет. Содан соң күзет қызметінің құны Тапсырыс берушімен жеке келісіледі.

«MVA Security» мамандары, әрбір клиенттің қалауы мен сұранысын есепке алып, оның қажеттіліктерін жеке қарастыруға дайын.

Қызмет бағасы келесілерден құралады

Барлық жарналық төлемдерді төлеуден;

Күзетшілерді қызметтік міндеттерін орындау барысында келеңсіз жағдайлардан міндетті сақтандырудан;

Кәсіби жауапкершілікті сақтандырудан;

Арнайы құралдарды сатып алудан;

Радиобайланыс құралдарын сатып алужәне олардың пайдалану барысында ескіруін есепке алудан;

Киім үлгісін сатып алудан және оның пайдалану барысында ескіруін есепке алудан;

Күзет қызметкерлерінің жалақысынан.


«MVA Security» ЖШС көрсетілетін күзет қызметі сапасын үздіксіз жақсартуға көзделген жүйелі жұмысын жүргізеді.

Бейнепрезентация

Презентацияны жүктеу арқылы біз туралы көбірек біліңіз

Презентацияны жүктеу

Байланыстар

+7 (727) 338 69 20

Алматы қаласы, Бекмаханова көшесі, 96

Бағыт құру
info@mva.kz
Қаз/ Рус Eng