ЖШС «MVA Security» (Мемлекеттік лицензия ГС № 007794 от 12.09.2000 года), 2021 жылғы 17 қыркүйегіндегі № 21026577 бірінші санаттағы Лицензиясына қосымша - терроризмге осал объектілерді қорғау үшін.
Қазақстан Республикасы күзет ұйымдары Ассоциациясының мүшесі, 24 жыл бойы күзет қызметі компаниялары арасындағы көшбасшы.
«MVA Security» беделі - уақытпен дәлелденген, біздің клиенттермен және серіктестермен танылған абыройы. Клиенттеріміз бен серіктестеріміз:
«MVA Security» мамандары, әрбір клиенттің қалауы мен сұранысын есепке алып, оның қажеттіліктерін жеке қарастыруға дайын.
«MVA Security» компаниясы, Атырау облысындағы мұнай-газ секторына күзет қызметін көрсетуге кірісуде.
Компания директоры — Адырбеков Дулат Темиргалиевич. Генерал-майор (запастағы). Соңғы қызмет орны - Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері Әскери институтының бастығы. ІІ дәрежелі Айбын орденімен, мерейтойлық және қызмет өтілі төсбелгілерімен марапатталған.
Компания күзетілетін объектілерде орнатылған бейне бақылау жүйелері арқылы, алып жүретін бейнежетондарын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және дрондарды қолдану арқылы бейнебақылау қызметін ұсынады.
Қызметкерлердің басым бөлігі – бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер.
Қызметкерлердің жоғары деңгейдегі құзыреттілігі және өте жақсы біліктілігі жыл сайын арнайы оқу орталықтарында жетілдіріледі.
Әрбір күзетілетін объектке «Кіргізіп-шығару тәртібі туралы» нұсқаулығы, төтенше жағдай орын алу кезіндегі іс-әрекет жоспары және басқа да қызметтік құжаттар бөлек жасалады.
Компанияның кезекші бөлімшесінде күзетілетін объектілерді алыстан бейне бақылауын жүргізетін ағымдағы жағдайды қадағалау орталығы бар.
Шұғыл кезекші қызметтің, күзетілетін объектілерде орын алатын кез келген жағдайға шұғыл әрекет ету және туындаған сұрақтарды жылдам шешу.
Алып жүретін бейне бақылауды жазу құрылғыларын қолдану, күзетілетін объектіде орын алған келеңсіз жағдайды ағымдағы уақытта бейне жазуына мүмкіндік береді, және де келешекте болған жағдайды егжей-тегжейлі қарастыру мен қажетті қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады.
Компанияның көрсететін толыққанды күзет қызметтері Клиенттердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырып, ұзақ мерзімді өзара тиімді әрекеттесуін жоспарлы түрде жалғастыруға мүмкіндік береді.
Компания, Келісім-шарт талаптарына сәйкес, күзет қызметін сапалы қамтамасыз етуіне кепілдік береді және Тапсырыс берушінің күзетке тапсырылған мүліктің сақталуына толық материалдық жауапкершілігін алады.
Біздің персонал - сенімді қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын жоғары кәсіби мамандар командасы. Біз клиенттерімізге күзет саласындағы ең тиімді шешімдерді ұсынамыз, және оларды ұдайы жетілдіруге ұмтыламыз. Біздің мақтанышымыз - кез келген сындарға төтеп беруге, клиенттерге қорғаудың максималды деңгейін қамтамасыз етуге дайын қалыптасқан ұжым.
Күзет қызметінің бағасы күзетілетін объектінің мінездемесіне, тәуекел дәрежесіне, объектінің қашықтығы мен техникалық күшейтілуіне, қолданылатын техникалық құралдарына мен қару-жараққа, қатыстырылған қызметкерлер санына және көрсетілетін күзет қызметтерінен құралады.
Қызмет көрсету бағасын шығару үшін, компанияның маманы объектіні қарап шығуға баруы қажет. Содан соң күзет қызметінің құны Тапсырыс берушімен жеке келісіледі.
«MVA Security» мамандары, әрбір клиенттің қалауы мен сұранысын есепке алып, оның қажеттіліктерін жеке қарастыруға дайын.
Барлық жарналық төлемдерді төлеуден;
Күзетшілерді қызметтік міндеттерін орындау барысында келеңсіз жағдайлардан міндетті сақтандырудан;
Кәсіби жауапкершілікті сақтандырудан;
Арнайы құралдарды сатып алудан;
Радиобайланыс құралдарын сатып алужәне олардың пайдалану барысында ескіруін есепке алудан;
Киім үлгісін сатып алудан және оның пайдалану барысында ескіруін есепке алудан;
Күзет қызметкерлерінің жалақысынан.
«MVA Security» ЖШС көрсетілетін күзет қызметі сапасын үздіксіз жақсартуға көзделген жүйелі жұмысын жүргізеді.